Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің 205 ТГ тобы мамандығы бойынша өндірістік тәжірибеден өтуде. Бұл – практикадағы бір күннің көрінісі. Студенттер қазіргі заманғы геодезиялық құрылғылармен жұмыс жасап, құрылыс алаңында нақты өлшеу жүргізіп, координаталар мен белгілерді анықтауда. Практикадағы әр күн – болашақ маманның шынайы еңбекке жақындаған күні. Жауапкершілік, дәлдік пен тәртіп – геодезист мамандығының ажырамас бөлігі. Колледжіміздің студенттері алған білімдерін тәжірибе арқылы шыңдап, еңбек нарығына сенімді түрде қадам басуға дайындалуда.