2025 жылдың 26 ақпанында «Қолданбалы геодезия» апталығы аясында «Мамандықтың үздігі» байқауы ұйымдастырылды. «Геодезия және картография» мамандығының 3 курс студенттері белсене қатысты.
Жарыстың мақсаттары:
– колледж студенттерінің танымдық және шығармашылық белсенділігін дамыту;
– оқушылардың пәндер бойынша білімдерін жалпылау және мотивациясын арттыру;
– студенттердің пәндерді оқуға тұрақты қызығушылығын қалыптастыру;
– оқушылардың ой-өрісін кеңейту, оқу нәтижесіне жетудің ұтымды жолдарын үйрету және шығармашылық ойлауын дамыту.
Сарапшылар: Аубакирова Г.А., Тұрғазы Ж.Ж., Емелбаева Д.Қ.