2025 жылдың 11 наурызында «Аэрофотогеодезия» ПЦК апталығының аясында арнайы пәндер оқытушылары Д.К. Сагимбаева, Р.А. Кошурбаева, М.Б. Абдрахманова әріптестері үшін мастер-класс өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар Leica GPS құрылғыларының мүмкіндіктерімен танысып, оларды дала жағдайында дұрыс қолдану әдістерін меңгерді. Арнайы пәндер оқытушысы Д.К. Сагимбаева геодезиялық өлшеулердің дәлдігін арттыру, деректерді жинау және өңдеу тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, оқытушылар Р.А. Кошурбаева мен М.Б. Абдрахманова Agisoft Metashape бағдарламасымен жұмыс істеу бойынша тәжірибелік сабақ жүргізді. Қатысушылар фотограмметриялық өңдеудің негізгі принциптерін зерттеп, 3D модельдер, нүктелік бұлттар және ортофотопландар құру әдістерін меңгерді.
Мастер-класс оқытушылардың біліктілігін арттыруға және жаңа технологияларды іс жүзінде қолдану дағдыларын дамытуға бағытталды. Қатысушылар нақты мысалдармен жұмыс істеп, өз сұрақтарына жан-жақты жауап алды.