2023 жылы қараша айының 9-ы күні Семей қаласының Абай атындағы кітапханасында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Тыныштықбек Әбдікәкімнің 70 жылдық мерейтойына орай «Қаламым» атты облыстық көркемсөз оқу шеберлері мен суретшілер байқауы өтті. Құрылыс колледжінен байқаудың көркем сөз оқу бөліміне Қажыкенова Бақытгүл, суретшілер бөліміне Медетова Гүлсана қатысып, алғыс хаттармен марапатталды.