Құрылыс колледжінің «Жас зерттеуші физиктері» 11 ПГС тобының студенттері: Айкенов Тілек, Болатбекқызы Толғанай, Задабекова Алуа «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК ұйымдастыруымен өткен «Біздің айналамыздағы физика» тақырыбындағы интеллектуалды ойынында екінші орынды жеңіп алды. Ғылыми жетекшілері: Ташкенбаева Лаззат Омархановна, Әубәкірова Динара Ерғалымқызы. Жас физиктердің «Тәуекел» тобы физика пәнінен алған білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып, «Үй жағдайында тәтті мақта жасауға арналған құрылғыны» ойлап тапты.