Құрылыс колледжінің «Жас зерттеуші физиктері» «Үй жағдайында тәтті мақта жасауға арналған құрылғыны» жасап шығарды. Бұл құралды құрастырудағы негізгі мақсат құралды өмірде қолдану. Құралдың негізгі жұмыс істеу принципі физиканың заңдылықтарына негізделген. Тебілу күшінің әсерінен мақта жіпшелері пайда болады. Сонымен қатар диффузия, балқу, кристаллдану құбылыстарын байқауға болады. Нәтижесінде жас зерттеушілер 11 ПГС тобының студенттері: Айкенов Тілек, Болатбекқызы Толғанай, Задабекова Алуа физиканың адам өміріндегі маңыздылығын дәлелдей алды.