Семей қаласы Жастар мәслихаты депутаттарына куәлік пен төсбелгі ұсынылды

2017 жылдың қазан айының  күні Семей қаласының әкімі Сәлімов Ермак Бидахметұлының қатысуымен Семей қаласы Жастар мәслихаты депутаттарына куәлік пен төсбелгі ұсынылды. Колледжіміздің студенті Сагимбаев Ұлан Маратұлы Семей қаласы Жастар мәслихатының депутаты мандатына ие болып кеудесіне төсбелгі тағылып, куәлік берілді. Ұланға жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, студенттердің сенімі мен үмітін ақтайды деген ойдамыз. Біз сенімен біргеміз!

Подробнее

Семей қалалық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат

2017 жылдың  қазан айының  19 жұлдызында С-12 тобының студенттері топ жетекшісі Рашида Жұмағалиқызымен бірге  Семей қалалық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады. Саяхаттың мақсаты — студенттерге мұражайдың  таусылмас қазына  екенін  ұғындырып, ескіге естелік,  жас ұрпаққа  тәлім тəрбие ретінде  Отанымыздың  бай тарихи  мұрасына көз жүгірту, тереңнен бойлап, тағылым алу, өткен  мен  болашақты  жалғастырушысы  екенін  түсіндіру. Мұражай қызметкері Семей жерінен…

Подробнее

Тілдер күні 2017

21 қыркүйек күні КМҚК «Құрылыс колледжінде» «Қазақстан халықтаарының тілдер күні» мерекесіне арналған «Тіл – халықтың асыл қазынасы» атты салтанатты іс- шара өткізілді. Бұл салтанатты іс- шара білім ордамыздың белсенді 1-курс студенттері мен қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәнінің ұстаздарының ұйымдастырылуымен өткізілді. Оқытушыларымыз үш тұғырлы тіл саясатын насихаттап,студенттеріміз қазақ, орыс ағылшын тілдерінде өлең, тақпақтар…

Подробнее

Театрға бару – рухани мол байлық

2017 жылдың қазанның 15 күні Семей қаласының Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрының сахнасында режиссер Камат Касеновтың «Рахмет, Сізге!» атты мультимедиялық қойылымын «Дариға — ай» Жастар театрының актерлері ұсынған спектакліне С-12 топ студенттері мен топ жетекшісі Рашида Жұмағалиқызы тамашалап қайтты. Залға жиналған қалың көпшілік осындай жан тебірентерлік әдемі туындыны сыйлағаны үшін Камат Касенов мырзаға «Рахмет, Сізге!»…

Подробнее

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

2017 жылдың 14 қыркүйек күні  жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында КМҚК «Құрылыс колледжі» студенттері арасында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Əуезов полиция бөлімі жергілікті полиция қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізілді. Кездесу барысында Семей қаласының қылмыстық ахуалы таныстырылып, ҚР Қылмыстық Кодексінің баптары бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды. Семей қалалық Əуезов полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция…

Подробнее