2020-2021 оқу жылының II – семестрінде үлгерім көрсеткіштері – 100%, ал білім сапасы – 92%. 2021-2022 оқу жылының I-семестрінде үлгерім – 100%, ал білім сапасының көрсеткіштері – 99%. Салыстырмалы талдау нәтижесі көрсеткендей, I семестрде – 2021-2022 оқу жылында білім сапасының 16,6% – ға оқу динамикасы байқалады.

2021-2022 оқу жылының I-семестріндегі білім алушылардың үлгерімінің нәтижелерін талдай отырып, нәтижеге қол жеткізу бойынша оқытушылардың жемісті жұмысын атап өтуге болады: үлгерім – 100%, ал білім сапасы – 99%.

Білім сапасы-оқытушылардың педагогикалық шеберлігінің жоғары деңгейінің көрсеткіші. Өз пәнін жетік біледі. Семестр бойы бейімделу кезеңінде әрбір білім алушыға көңіл бөлінді: колледж ережелерімен таныстырылды, сабаққа қатысуды бақылап, сабақтарды өткізіп жіберудің жолын кесті.

Пәндік онкүндіктерді өткізу, ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларға қатысу оқытушылардың инновациялық технологияларды: модульдік оқытуды, сыни ойлауды дамытуды, интеграцияланған оқытуды пайдаланатындығының дәлелі.

Барлық оқу-үрдісінің жұмысы білім, білік және дағды сапасын тұрақтандыруға бағытталған. Оқу жылының соңына қарай білім сапасына 100% қол жеткізу жоспарлануда.