3 курс 304 ТК тобы студенттері оқу тәжірибесі барысында картографиялық процестерді орындап, заманауи технологияларды қолдану арқылы топографиялық карталарды жаңартты. Өңделген мәліметтер бойынша атластар мен каталогтарды зерттей отырып, жаңа мәліметтер арқылы CorelDraw қолданбалы бағдарламасында электронды түрде және дәстүрлі әдіспен карталарды құрастырды.