«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында Білім беру жүйесіне, оның құрылымына, қазіргі заманғы реформаларды енгізу қажеттілігі атап көрсетіле отырып, «білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар негізінде тұлғаны қалыптастыруға негізделген ғылым мен практика жетістіктері және кәсіби жетілдіруге бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайларды қалыптастыру,жаңа технологияларды енгізу оқыту, білім беру инновациясы, халықаралық жаһандық коммуникациялық желілерге шығу болып табылады. Жаңа технологиялық «ПОПС формуласы» интерактивті әдісі негізінде атқарылған оқу-әдістемелік жұмыстың қорытындысы ретінде бүгінгі таңда 30 педагог қызметкердің ғылыми-танымдық, үздік жұмыстарын көрсететін «Құрылыс колледжі» КМҚК-ы директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Нургожанова А.С. қолдауымен халықаралық ғылыми-ақпараттық «ӨРЛЕУ-ӨРКЕНДЕУ» журналы баспасымен бірігіп «БІЛІМ ӨШПЕС ЖҮРЕККЕ ЖАНҒАН ШЫРАҚ» атты 142 беттен тұратын әдістемелік жинақ жарық көрді.