2024 жылы қазан айының 10-ы күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-да зорлық-зомбылық, кибербуллинг пен агрессияның алдын алу, жеке адамның құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Құқықбұзушылықтың алдын алу – басты міндет» атты құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу өтті.

Құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жұмыс жасауды, білім алушылардың мінез-құлқының жақсаруына ықпал етуді, агрессивтілікті төмендету мен қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдауда бағыт-бағдар беруді міндет еткен бұл іс-шараға Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы – Баккелдинова Айжан Бақкелдіқызы, судья Самаева Татьяна Анатольевна және №4 «Әуежай» УПБ полиция майоры, УП аға инспекторы – Төлеу Куаныш Серікұлы қатысты. Студенттерді буллингтің түрлері және оның алдын алу жолдарымен, зорлық-зомбылық үшін қолданылатын жаза түрлерімен таныстырды. Студенттердің тарапынан қойылған сұрақтарға дәл жауап қайтарып, толық ақпарат берілді.