2025 жылғы 27 мамырда Абай облысының білім басқармасы мен «TALAP» КЕАҚ қолдауымен Семей қаласындағы Әміре Қашаубаев атындағы филармонияда «Құрылыс өнері – The Art of Building» халықаралық фестивалінің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтарын насихаттау, құрылыс саласындағы ТжКБ жүйесінің жетістіктерін көрсету және қатысушылардың кәсіби құзыреттерін дамыту.
Фестиваль аясында 16 облыстан өкілдер 3 құзіреттілік бойынша бас қосып, әлеуметтік серіктестер заманауи құрылыс технологияларын таныстырды. WorldSkills сарапшылары шеберлік сыныптарын өткізіп, шетелдік қатысушылар тәжірибе бөлісті.
Сонымен қатар форсайт-сессия өткізіліп, «Хай-тек стиліндегі үй» халықаралық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Фестивальге құрылыс мамандары, ТжКБ ұйымдарының оқытушылары, бизнес өкілдері мен колледж студенттері қатысты.