2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы. Осы айтулы оқиғаға байланысты Абай облысы білім басқармасының «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК сіздерді «Құрылыс өнері – The Art of Building» халықаралық құрылыс мамандықтары фестивалінің жұмысына қатысуға шақырады!
Өтетін күні: 2025 жылы 27 мамыр.
Басталуы: сағат 10:00-де.
Мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК, Парковая көшесі, 1.
Фестиваль бағдарламасында:
• Құрылыс саласындағы заманауи жетістіктер көрмесі.
• Студенттер мен өндірістік оқыту шеберлерінің демонстрациялық көрсетілімдері.
• Шеберлік сыныптары, дөңгелек үстелдер және шығармашылық алаңдар.
• Оқу орындары мен жұмыс берушілер арасында тәжірибе алмасу.
Фестиваль кәсіби құзыреттіліктерді көрсетудің, жұмысшы кәсіптерін дамыту перспективаларын талқылаудың және білім беру мен кадрлар даярлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің бірегей мүмкіндігіне айналады.