2024 жылы қазан айының 15-і күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМКҚ-да Р. Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Рахымжан Қошқарбаев. Рейхстагқа тігілген ту» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттың мақсаты – өз халқының тарихи өткеніне құрметпен қарау және өз елінде мақтаныш сезімін қалыптастыру. Қазақ батыры Рахымжан Қошқарбаев алғашқылардың бірі болып Берлиндегі Рейхстагта Жеңіс туын көтеріп, нағыз батыр атанды. Бұл тәрбие сағаты студенттерге батырдың өмірбаянымен және ерліктерімен танысуға, терең әсер қалдыруға мүмкіндік берді. Студенттер батыр туралы көп мағлұматтар алып, пікірталастарға үлкен қызығушылықпен қатысып, оның ерліктеріне құрмет пен мақтаныш танытты.