ШҚО әкімдігінің білім басқармасы «Құрылыс колледжі» КМҚК инженерлік және құрылыс саласы бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес ШҚО кәсіптік білім беру орталығымен бірлесіп, 2022 жылғы 25 наурызда «Заманауи құрылыс және экономика» республикалық конференциясын өткізді.
Конференция мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығын дамыту және нығайту.
Конференцияға Павлодар машина жасау колледжі, Жоғары көлік және коммуникация колледжі (Нұр-Сұлтан.), Атырау энергетика және құрылыс колледжі, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Степногорск қаласының жоғары колледжі, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі, Абай колледжі, Семей қаласының Индустриалды-технологиялық колледжі, Көлік колледжі және Құрылыс колледжінің педагогтері мен өңдірістік оқыту шеберлері қатысты. Конференция қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.