2025 жылдың 27-28 наурызында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бірлесіп, «WorldSkills қозғалысы жағдайында инновациялық бағыттарды трансформациялау» тақырыбында республикалық семинар-практикумын ұйымдастырды.
«WorldSkills қозғалысы жағдайында инновациялық бағыттарды трансформациялау» республикалық семинар-практикумы аясында WorldSkills стандарттарына негізделген «BabySkills» және «DalaSkills» жобалары таныстырылды. Бұл жобалар балалардың ерте жастан кәсіптік бағдарын айқындау, ұлттық құндылықтарды насихаттау және инновациялық технологияларды қолдану бағыттарын қамтиды.
«Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында өткен «BabySkills» – ерте жастан мамандықтарға қызығушылықты дамыту» секциясында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «BabySkills» (5-6 жас) «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша Мекишев Аскар Набиевич, өндірістік оқыту шебері, Құмарбеков Нұралы Ренатұлы, Абай облысы білім басқармасының «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері шеберлік сыныбын көрсетті.