2025 жылдың 27-28 наурызында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бірлесіп, «WorldSkills қозғалысы жағдайында инновациялық бағыттарды трансформациялау» тақырыбында республикалық семинар-практикумын ұйымдастырды.
«WorldSkills қозғалысы жағдайында инновациялық бағыттарды трансформациялау» республикалық семинар-практикумы аясында WorldSkills стандарттарына негізделген «BabySkills» және «DalaSkills» жобалары таныстырылды. Бұл жобалар балалардың ерте жастан кәсіптік бағдарын айқындау, ұлттық құндылықтарды насихаттау және инновациялық технологияларды қолдану бағыттарын қамтиды.
«Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында өткен «BabySkills» – ерте жастан мамандықтарға қызығушылықты дамыту» секциясында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «BabyDalaSkills (5-6 жас) «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзіреттілігі бойынша Меснянкина Лидия Савельевна, өндірістік оқыту шебері; Нургожанова Арай Серыкжановна, Абай облысы білім басқармасының «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары, арнайы пәндер оқытушысы шеберлік сыныбын көрсетті.