8 қараша күні Семей қаласының тарихи-өлкетану мұражайына КМҚК «Құрылыс колледжінің» 42 ПГС тобының студенттері саяхат жасады. Бұл саяхат сабағы ҚР-ның Президенті Н. Назарбаевтың «Болашақ бағдары – рухани жаңғыру» бағдарламасының негізінде «Туған елге тағзым» атты жоба аясында оқып жатқан «Өлкетану» пәні бойынша «Семей қаласының тарихымен» танысу мақсатында өтті. Оқу тобының студенттері 300 жылдық тарихы бар қала бекінісінің даму тарихы мен және «Алаш қаласының» тарихи тағлымдарынан білімдерін толықтырып қайтты. Қаланың өлкетану мұражайының әрбір залдарындағы тарихи экспонаттармен танысып, олардың тарихына өте қызығушылықпен қарап, мұражай қызметкерлерінің қызметіне зор алғыстарын білдірді. Қаладағы тарихи ескерткіштер «1979-1989 жж. Ауған жауынгерлеріне» және Желтоқсан оқиғасының қаһарманы «Қайрат Рысқұлбеков» ескерткіштерін көріп, ойландырған сұрақтарына жауап алып, пән бойынша алған білімдерін толықтырып қайтты. Семей қаласының тарихынан мол мәліметтер алды. Қала тарихының дамуы бойынша алған білімдерін ары қарай шыңдай түсуге жаңаша бетбұрыстар жасалатындықтарын айтып өз сенімдерін білдірді.