Шығыс Қазақстан Облысының техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы грант иегерлерінің арасындағы, облыстық «Аламан» фестивалі 2018 жылдың 9 қараша күні, «Құрылыс колледжі» КМҚК өтті. Шығыс Қазақстан Облысының білім басқармасының бас маманы Г.Б. Ильясова өзі фестивальді салтанатты түрде ашып берді. Облыстық «Аламан-2018» фестивалі  жоғары деңгейде өтілді деп, алғыс білдіріп,  колледж директоры   Қ.Қ. Тастекеев мырзаны және Гуманитарлық пәндер бірлестігін алғыс хатпен марапаттады. Қатысқан барлық студенттер мен жетекшілер алғыс хатпен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.