«Үздік шебер – 2018» Кәсіби шеберлік облыстық байқауы Өскемен қаласында «Құрылыс колледжі» КММ базасында «Дәнекерлеу ісі» бейіні бойынша өтті.
Байқауға облыстың түрлі колледждерінен Электрмен дәнекерлеу, жартылай автоматты және аргонды-доғалық дәнекерлеу бойынша 11 өндірістік оқыту шебері қатысты. Байқаудың мақсаты: ө / о шеберлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Конкурстың міндеттері: дәнекерлеу өндірісі саласында кадрлар даярлау кезінде педагогикалық байланыстарды кеңейту және тәжірибе, жетістіктер алмасу, дәнекерлеу өндірісінің халықаралық стандарттарын тарту және қолдану. Кәсіби шеберліктің осындай конкурстарын өткізу – мамандарды даярлау сапасын жақсарту шарттарының бірі ғана емес, сонымен қатар өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыруға ынталандыру үшін де себеп.
Конкурсқа қатысушылар халықаралық дәнекерлеу стандарттарының талаптарына сәйкес спецификация сызбаларын оқып, түсіне білуге, өндірушілердің спецификациясына сәйкес дәнекерлеу жабдықтарын баптауға, сызбалармен талап етілетін дәнекерлеу процестерін таңдауға міндетті.
Осы талаптарды біздің ө/о шебері Е. Н. Богасбаев көрсетті. сайыс қорытындысы бойынша 2 орын алды. Еркебұлан Ниязбекович грамотамен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Сонымен қатар, конкурс аясында «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттілігі бойынша оқу процесіне WORLDSKILLS стандарттарын енгізу” семинар-практикумы өтті, оған ө/о шеберлері Е. К. Қалиев пен Е. Н. Богасбаев қатысты.