7 қыркүйек колледж оқытушылары Д. Болатқызы, А.Е. Серикказинаның жетекшілігімен С-22, М-21 оқу тобының білім алушылары қалалық орталық кітапханаға саяхат жасап, ақпараттық-библиографиялық бөлімнің қызметкерлері ұйымдастырған «Жаңа кітаптар шеруі» атты Ақпарат күніне қатысып қайтты. Білім алушылар әдеби кітаптардың жаңа легімен танысып, ұйымдастырылған кітап көрмесіне куә болды.