2025 жылдың 20 ақпанында «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-ның оқытушылары Қ.О. Өмірзақова мен А.Б. Байғұлақова «Жас оқытушылар мектебі» апталығы аясында оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған «Жас маман – жарқын болашақтың бастауы» атты семинар-тренинг өткізді.
Семинар-тренингтің мақсаты – жас мамандарға қолдау көрсету, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп, көңіл-күйін көтеру. Сондай-ақ, әріптестердің заман талабына сай жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, тиімді әдіс-тәсілдерді насихаттау арқылы оларды іс жүзінде қолдануға қызығушылығын арттыру. Топтық жұмыс арқылы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсету.
Семинар-тренингтің құрылымы:
– «Қуыршақ» – танысу жаттығуы;
– «Келісу керек» – ойын жаттығуы;
– «Сұрақ бізден, жауап сізден» – топтық жұмыс;
– «Өзіңді білгің келсе…» – жаттығу;
– «Ақ парақ» – әдісі;
– Жас мамандарға психологиялық кеңестер;
– Рефлексия.
Барлық оқытушылар семинарға белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Олар сұрақтар қойып, ұсынылған жағдайларға тиімді шешімдер таба білді және еркін қарым-қатынас жасады.