Бүгін, яғни 2017 жылдың қыркүйек айының 29күні Шығыс ШҚО жастар мәслихаты депутаттарының сайлауы Қазақстан облысы бойынша 500 сайлау учаскесінде ШҚО жастар мәслихаты депутаттарының сайлауы өтті. Семейдегі төрт жоғарғы оқу орны мен 28 колледждің белсенді студенттері де маңызды шарадан шет қалмай, өз үміткерлерін ұсынды. Жастар маслихаты депутаттарының сайлауын ел тарихында алғаш рет Шығыс Қазақстан облысы қолға алып отыр.
Облысымыздағы барлық аудандар мен калаларда таңғы тоғыздан бастап сайлау алды бағдарламаларын ұсынған 1000-ға тарта үміткер өзара бақ сынады. Аталған шарадан біздің колледжде шет қалған жоқ. Өзінің колледждің саяси-қоғамдық өмірдегі белсенділігімен және алға қойған мақсатымен көріне білген 32-ПГС тобының студенті- Сагимбаев Ұлан Маратұлы өз кандидатын маслихат сайлауына ұсынған болатын.
Колледж студенттері мен қызметкерлері белсене қатысқан сайлау қорытындысы бойынша Сагимбаев Ұлан жеңімпаз атанып, Семей қаласының Жастар маслхатының депутаты мансабына ие болды. Сайлауға үш үміткер қатысты.Дауыс беруге №19, №33 мектеп оқушылары мен құрылыс колледжінің және қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері қатысып, барлығы 980 адам дауыс берді, оның ішінде:
- КМҚК «Құрылыс колледжінің» студенті Сагимбаев Ұлн Маратұлына 430дауыс берілді;
- «Қызмет көрсету саласы»колледжінің студенті Ишанова Лаура Асхадқызына 353дауыс берілді;
- «Қызмет көрсету саласы»колледжінің студенті Жанарбекова Ақерке Жанарбекқызына 197 дауыс берілді.
Өз кезегімізде Ұланға сәттілік тілеп, өзіне қойылған міндеттерді абыроймен атқаруына тілектеспіз.