«WorldSkills Kazakhstan 2021» VI Республикалық чемпионаты 1 қарашада басталды және еліміздің 11 өңірінде 38 жарыс алаңында өтті. Республикалық кезеңге еліміздің барлық өңірінен 22 жасқа дейінгі 600-ден астам жас маман қатысты. Олар 46 ресми және 10 демонстрациялық WorldSkills мамандықтары бойынша жарысты, сонымен қатар 15 презентациялық құзыреттіліктер бойынша өз дағдыларын көрсетті. Семей қаласындағы «Құрылыс колледжі» КМҚК студентері WorldSkills-тің 7-құзыреттілігі (мамандықтары) бойынша сайысқа қатысып жүлделі орындармен оралды, атап айтатын болсақ:

 

Сарсембаев Диас Болатбекұлы «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша І-ші орынды иеленді;

Даукенов Ерлік Ерікұлы «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша ІІ-ші орынды иеленді;

«Сырлау және сәндік жұмыстары» құзыреттілігі бойынша Портнова Юлия Денисовна ІІІ-ші орынды иеленді;

«Плиткамен қаптау» құзыреттілігі бойынша Орлов Иван Сергеевич ІІІ-ші орынды иеленді;

«Ағаш шеберлігі ісі» құзыреттілігі бойынша Сабыртаев Мағжан «Үздік маман» медальонын иеленді;

«Шатыр жұмыстары» құзыреттілігі бойынша Қайроллаев Рустем және Масалимов Асылжан «Үздік маман» медальондарын иеленді.

 

ШҚО құрама командасы кезекті рет ҚР бойынша 1 жалпыкомандалық орынға ие болды.