Техник-құрылысшы – құрылыс саласының тірегі. Оның табысты жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін басты маман. Қазіргі таңда құрылыс саласында күрделі технологиялар мен инновациялық шешімдер кеңінен қолданылады. Сондықтан техник-құрылысшының біліктілігі мен кәсіби дағдылары ерекше сұранысқа ие.
Техник-құрылысшы – құрылыс нысанының жобалық шешімдері мен сызбаларын мұқият сараптап, оларды техникалық талаптарға сәйкестендіруге көмектеседі. Ғимараттың іргетасынан бастап, қаңқа жүйесін құру және инженерлік жүйелерді орнатуға дейінгі барлық жұмыстарды бақылап отырады.