ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!
Сіздерді 9 мамыр – ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – батырлық пен ерліктің, табандылық пен рухтың мәңгілік символына айналған ерекше күн. Біз үшін бұл мереке – тек өткенді еске алу емес, сонымен қатар бүгінгі бейбіт өміріміздің құндылығын сезінуге мүмкіндік беретін қасиетті күн!