«Құрылыс колледж» КМҚК-ның Құзыреттілік орталық базасында 20.11.22 ж. – 28.11.2022 ж. аралығында Австрияның Зальцбург қаласында өтетін «WorldSkills Competition 2022 Special Edition» Әлемдік чемпионатына «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша жаттығу лагері ұйымдастырылды.
Ел құрамасының құрамына біздің колледждің түлегі Сарсембаев Диас – байқауға қатысушы және өндірістік оқыту шебері – Мекишев А.Н. – халықаралық сарапшы болып тағайындалды.
Өз ісінің шеберлері  Австрияда өтетін чемпионатта күтетін аса күрделі тапсырмаларды, «Құрылыс колледж» КМҚК Құзыреттілік орталығында жетілдіре отырып,  шешу тәжірибесіне ие болады.
Жемісті жұмыс және өз дағдыларыңызды сәтті көрсетулеріңізді тілейміз!