Бүгінгі әріптестік – білім беру саласындағы сенімді қадам! Жұмысшы мамандықтар жылы аясында БҚО әкімдігі білім басқармасының «Шыңғырлау колледжі» МКҚК директоры Серікбай Ермекұлы Жұмағұловпен маңызды ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл серіктестік қос тараптағы студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Біз бірге:
– Мамандарды даярлау сапасын арттырамыз;
– Инновациялық білім беру бағдарламаларын енгіземіз;
– Еңбек нарығында сұранысқа ие практикалық дағдыларды дамытамыз.
Аталған меморандум кәсіби білім беру мен өңірдің кадрлық әлеуетінің өсуіне сеп болатын ұзақ мерзімді және нәтижелі ынтымақтастықтың берік негізіне айналарына сенімдіміз.