Ынтымақтастық туралы меморандум – білім беру саласындағы жаңа көкжиектер! Жұмысшы мамандықтар жылы аясында біз студенттер мен оқытушылар үшін серіктестік пен мүмкіндіктер аясын кеңейтуді жалғастырып келеміз! 2025 жылы 30 мамырда Алматы қаласындағы «Архитектура, дизайн және инженерия колледжі» КМКҚ директоры Жамангозов Камал Амиргалиевичпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Кездесу барысында бірлескен жұмыс перспективалары, білім беру бағдарламаларын дамыту және тәжірибеге бағытталған жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Бұл ынтымақтастық тәжірибе алмасуға, жаңа идеялардың туындауына және кәсіби тұрғыдан өсуге берік негіз болмақ! Біз бірлесе отырып, уақыт талабына және еңбек нарығының сұранысына сай келетін мықты әрі икемді кәсіби білім беру жүйесін құра алатындығымызға сенеміз.