«Волейбол. Допты ойынға қосу» тақырыбында ашық сабақ

2023 жылдың 2 наурызында жалпы бiлiм беретiн пәндер апталағында дене тәрбиесi пәнiнен оқытушы А.Г. Апбасов «Волейбол. Допты ойынға қосу» тақырыбында М-21 тобымен колледжiшiлiк ашық сабак өткiздi.

«Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» спорттық интеллектуалдық сайыс

1 наурыз күні «Құрылыс колледжі» КМҚК қабырғасында «Білімді жастар – болашақ бастауы» атты жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің апталығында, 1-ші курстар арасында «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» спорттық интеллектуалдық сайысы өтті. Сайысқа 4 топ қатысты. Қатысушы топтар сайыс барысында кедергілерден өтіп, әртүрлі деңгейлік тапсырмаларды орындады. Сайысқа қатысқан топтар І, ІІ, ІІІ дәрежелі мадақтамалармен марапатталды.

Алғыс айту күні құтты болсын!

Құрметті Қазақстандықтар! Көктемнің алғашқы күнімен келіп, көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке Алғыс айту күні құтты болсын! Алғыс айту – жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет. Алғыс айту күніне орай «Құрылыс колледжі» КМҚК әкімшілігі шуақты мерекеде студенттерге шырайлы көңіл-күй сыйлау, тәрбие мен білімге ынталандыру, алғыс айту мақсатында тәттілер табыстап, алғыс пен ризашылықтарын білдіріп, жақсылық жасауға үндеді. #алтынжүрек…