Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2023 жылы мамыр айының 29-і күні Семей қаласының №45 жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. 9-11 сынып оқушыларына колледжде оқытылатын мамандықтар туралы толық ақпарат айтылды. Құрметті талапкерлер, біздің колледжде сіздерді білікті оқытушылар, достық атмосфера және қызықты студенттік өмір күтеді. Құрылыс саласының қыр-сырын меңгеруге шақырамыз!  Сіздер үшін біздің есігіміз әрдайым ашық!

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2023 жылы мамыр айының 18-25 аралығында Құрылыс колледжінің кәсіби бағдар беру маманы ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «М.В. Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ, «Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ, «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ, «Дауленов атындағы мектеп-интернаты» КММ, «Мукарама атындағы орта мектебі» КММ, «Қазақстан орта мектебі» КММ, «Қаратал орта мектебі» КММ, «Ю.…

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2023 жылы мамыр айының 17-19 аралығында Құрылыс колледжінің кәсіби бағдар беру маманы Ақсуат ауданы білім бөлімінің «Би Боранбай атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ, «Қ. Сатбаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ, «Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ-нің 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар туралы толық ақпарат айтылып, оқуға қабылдау ережесі түсіндірілді.