«Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби әлеміне саяхат»

Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына орай Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін орта мектептің білім алушыларына арналған «Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби әлеміне саяхат» чемпионатында «Мансапқорлар» пьесасынан көрініс көрсетіп, «Жас актер» номинациясымен 204 ТК тобының студенті Сләмбек Қуаныш марапатталды.

Шеберлік сабағы

2024 жылы наурыз айының 12-і күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК оқытушылары мен шеберлері Семей қаласының «№48 ЖОББМ» КММ-нің 9 «А» сынып оқушыларына дәнекерлеу және әрлеу жұмысы бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Оқушылар шеберлік сабағы барысында әрлеу жұмыстарында қолданылатын құралдармен, сәндеу әдістерімен танысып, дәнекерлеу жұмысы бойынша тұрмыста жиі қолданылатын «Қалақша» құралын қолдан жасады. Колледжде…

«Каждый важен»

2024 жылы наурыз айының 14-і күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-да зорлық-зомбылық, кибербуллинг пен агрессияның алдын алу, жеке адамның құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Каждый важен» іс-шарасы өтті. Құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жұмыс жасауды, білім алушылардың мінез-құлқының жақсаруына ықпал етуді, агрессивтілікті төмендету мен қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдауда бағыт-бағдар беруді міндет еткен бүгінгі…