Колледжіміздің түлегі

ӘСКЕРБЕК ҚУАНЫШ ӘСКЕРБЕКҰЛЫ – Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша 2020 жылғы түлегі. Мамандығы бойынша еңбек өтілін «SENSATA GROUP» компаниясында бастап, қазіргі күні дәл осы компанияда «Техник-құрылысшы» қызметін атқарады.

Өндірістік тәжірибе – кәсіби дамудың негізі

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің 205 ТГ тобы мамандығы бойынша өндірістік тәжірибеден өтуде. Бұл – практикадағы бір күннің көрінісі. Студенттер қазіргі заманғы геодезиялық құрылғылармен жұмыс жасап, құрылыс алаңында нақты өлшеу жүргізіп, координаталар мен белгілерді анықтауда. Практикадағы әр күн – болашақ маманның шынайы еңбекке жақындаған күні. Жауапкершілік, дәлдік пен тәртіп – геодезист мамандығының ажырамас бөлігі.…

Ленинград блокадасының қатысушысымен кездесу

9-мамыр күні 102 ТГ тобының студенттері топ жетекшісі К.К. Шалованың жетекшілігімен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Клавдия Николаевна Кошелеваны құттықтады. Оның өмірлік оқиғасы жастардың жүрегінде терең із қалдырды: – Бүгін мен Ленинград қоршауын бастан өткерген ардагер әжеймен кездестім. Оның әңгімесі бәрімізге қатты әсер етті – аштық пен суықта қалай аман қалғанын, бір-біріне қалай…