2017 жылдың қазан айының 21 күні «Құрылыс колледжі» КМҚК 2017-2018 жаңа оқу жылының колледжішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты – студент тәрбиесіндегі ата-ана мен колледждің байланысын нығайту, колледж ұжымымен бірлесе білімді, саналы, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу.

Жиналысты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.К Окасов жүргізді. Ата аналарды колледж әкімшілігімен жəне колледждің ішкі-сыртқы тəртібі жөніндегі Жарғымен таныстырды.

Директордың оқу-тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.М.Галымова «Колледждің тəрбие жұмысы, өткізілген іс-шаралар, студенттердің жетістіктері», «Жатақхананың күн тəртібі, ережесі» тақырыбындағы баяндама оқыса, кәсіптік лицей бөлімінің меңгерушісі Н.С. Окасов пен колледж топтары бөлімінің меңгерушісі Л.В.Пронина «Колледждің оқу процесі» туралы ақпарат берді.

Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Алдағы уақытта ата-аналармен тығыз байланыста болып, өскелен ұрпаққа жақсы тәлім-тәрбие беруге бірдей атсалысамыз деген оймен жиналысты аяқтадық.

Жиналыс соңында топ жетекшілер әрбір баланың ата-анасымен кездесіп білім алушының мінез-құлқын, бейімділігін, топ ішіндегі студенттермен қарым-қатынасын, қоғамдық жүктемені орындауын және сол жанұяға тән қажетті нәрселерін ескере отырып әнгіме ретінде таныстырды.

Добавить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные для заполнения поля помечены *

Отправить