2017 жылдың 9 қыркүйегі күні КМҚМ «Құрылыс колледжінде» «Денсаулық фестивалі — 2017» «Өз денсаулығымыз өз қолымызда» атты спорттық іс-шара өтті. Ол төмендегі мақсатты қамтыды:
- Салауатты өмір салтын насихаттау;
- Студенттерді үнемі спортпен айналысуға тарту;
- Студенттердің дене бітімінің дайындығы мен спорттық шеберліктерін жоғарылату.
Ашылуы салтанатты «Қара жорға» флешмоб биімен басталды.Бұл фестивальге 1-курс студенттері толықтай қатысып, өздерінің спорттық шеберліктерін ортаға салды.Сондай-ақ қатысқан студенттер салауатты өмір салтын ұстанатындарын барлығы дерлік дәлелдеп өтті. Бұл фестивальде арқан тартыс, кір тасын көтеру, қыздар арасында скакалкамен секіру, 4х100м-ге ұлдар арасында эстафета секілді түрлі сайыстардан студенттер өз бақтарын сынады. Жарыс соңында копшіліктің қошеметімен жеңімпаздар мақтау грамоталарымен және ауыспалы кубокпен марапатталды. Спорттық жарысты ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз! Спорттық іс- шара өте қызықты өтті.