Семей құрылыс колледжінде 2018 жылғы 26 ақпан күні «Нұр Отан» бақылау комиссиясының мүшесі Қ.Қ.Тастекеев мырзаның жетекшілігімен  колледж  оқытушылары, қызметкерлері арасында мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша  қабылданған Жарғы (2018 жыл 19 ақпан) аясында жиын өтті. Жиынға 46 партия мүщесінің 35 партия мүшесі қатысып, төрағаның ақпарттық мәліметі тыңдала келе, маңызды мәселе «Болашақа бағдар-рухани жаңғырудың» 10 басты міндеті, оның 7-ші міндеті «Адами капиталға» басты назар құрылыс колледжінің ұжымы назарында болуы керектігі нақты басымдылықпен атап өтілді. Блімі алушы студенттерді оқытып қана қоймай, ертеңгі ел өміріне  жан ашырлықпен араласуға тәрбиелеп бағыт беру керектігі айтылды. Міндеттер айқын, оны жүзеге асыру әр оқытушының еңселі еңбегінде.

Жиын барысында қазақ тілі пәні оқытушысы Уакаева Н.А. (қазақ тілінде), орыс тілі оқытушысы Тогызбаева К.С. (орыс тілінде) латын тәліпбиінің қабылдануы туралы жан-жақтылы ұтымды мәліметтер беріліп, оқытушылар қауымын саяси жаңалықтан хабардар етті.

Латын қаріпінің жаңа нұсқасының жазылуы, дыбысталуы туралы түсініктер тақтада жазылып көрсетілді. Қызығушылықпен колледж еңбек ұжымы тыңдай келе  бұл рухани жаңғырудың бастамасы ұлттық сананы дамытудың және халықаралық деңгейге өтеруге өзіндік маңызы бар шаралардың бастамаы екендігі айтылды.

Әрине Латын қаріпіне көшу кезең-кезеңмен басталады. Бірақ біз оны күтпей отбасында, ұжымда күнделікті пайдалануға  дағдылана отырып, оны тез игеруге қадамдар жасау керектігі ескерілді. Және де партия ұйымының мүшелеріне ақпаратта жарияланған латын қаріпінің жаңа нұсқасы таратпа материалдар ретінде таратылды. Мақсат латын қаріпін үйрену.

«Құрылыс колледжінің»  «Нұр Отан» бастауыш партия  ұйымының жиыны 2017-2018 оқу жылында қабылданған жаңа мүшелерге партия билеттерін табыстырумен өз жалғасын тауып, ел болашағына бір кісідей араласып мемлекет басшысының салиқалы саясатын жандандырумен бірге жүзеге асыруда табысты еңбек ету тілектерімен аяқталды.

 

 

«Құрылыс колледжінің»

«Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының

төраға орынбасары  Оразымбетова Р.Д.

Семей қаласы