2018 жылдың қыркүйек айының 1-і күні Семейдің КМҚК «Құрылыс колледжінде» барлық оқу орындарымен қатар студенттер үшін алғашқы қоңырау соғылды. Мерекеге колледж ұжымы, студенттер, ата-аналар, зейнеткер ұстаздар қатысты. Білім күні мерекесіне арналған салтанатты жиын мемлекеттік әнұранмен ашылып, алғашқы құттықтау сөз колледж директоры Тастекеев Қайрат Құлбайұлына берілді.
Салтанатты жиын Білім күніне белгіленген «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жиналыспен жалғасын тапты. Жиналыстың мақсаты дамудың жаңа мүмкіндіктерін студенттердің санасына жеткізіп, елін, жерін сүюге, бірлік пен ынтымақтастықты жақтауға, ұлттық құндылықтарымызды мақтан етуге тәрбиелеп, Елбасы саясатын насихаттау болды. Сонымен қатар, топ кураторлары І курс студенттерін колледждің ішкі тәртіп ережесімен, оқу кестесімен, оқытушылар және мастерлерімен таныстырды.
Студенттердің білім жолына басқан алғашқы тың қадамдарына сәттілік тілейміз!