Колледжішілік ашық тәрбие сағаты

2022 жылдың 17 наурызында жалпы пәндер бірлестігі апталығында оқытушы А.С. Балыкбаева «Адам өміріндегі табиғи және жасанды тамақ» тақырыбында 21 ДС тобымен колледжішілік ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағаты дөңгелек үстел (дискуссия) түрінде өткізілді. Осы ашық тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті деп бағаланды. Оқытушы жаңа ақпаратты-компьютерлік технологияларды пайдаланды. Тәрбие сағаты өте қызықты өтті. Актуалды тақырып…

Сыныптан тыс іс-шара

2022 жылдың 16 наурызында жалпы пәндер бірлестігі апталығында химия пәнінен А.С. Балыкбаева «Химия әлемінде» тақырыбында 1 курс студенттерімен колледжішілік сыныптан тыс іс-шара өткізді. Сайыс 4 турдан тұрды: «Викторина», «Өз ойыным», «Химиялық эстафета», «Полиглот». Интеллектуалды сайыс жоғары деңгейде өтті деп бағаланды. Оқытушы жаңа ақпаратты-компьютерлік технологияларды пайдаланды.

Ашық сабақ

«Құрылыс колледжі» КМҚК тарих және қоғамдық пәндерінің оқытушысы Д. Болатқызы С-11 және 11 ПГС топтарында «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

«Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында ашық сабақтар

Бүгін, 2021 жылғы 14 қыркүйек күні «Құрылыс колледжі» КМҚК-да  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында 1-курс, М-11 тобының 20 студентінің қатысуымен және 1-курс, С-13 тобының 15 студентінің қатысуымен  ашық сабақтар өткізілді.     #QAZAQSTAN30

«Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында ашық сабақтар

Бүгін, 2021 жылғы 14 қыркүйек күні «Құрылыс колледжі» КМҚК-да  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында 1-курс, М-11 тобының 20 студентінің қатысуымен және 1-курс, С-13 тобының 15 студентінің қатысуымен  ашық сабақтар өткізілді.     #QAZAQSTAN30

Физика және

«Физика және астрономия» пәнінен ашық сабақ

2020 жылдың 21 ақпанында «Құрылыс колледжі» КМҚК-ның физика және астрономия оқытушысы, жас маман Мадиева Ләззат Ризабекқызы С-14 тобында «Өздік индукция құбылысы. Магнит өрісінің энергиясы» атты колледжішілік ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа қатысқан оқытушылар тәжірибе алмасып, сабақ жоғары деңгейде өтті.

Құндылықтарға

«Құндылықтарға негізделген білім беру» мақсатында ашық сабақ

2020 жылдың 18 ақпанында «Құндылықтарға негізделген білім беру» мақсатында «Құрылыс колледжі» КМҚК-нің информатика пәні оқытушысы, жас маман  Қабылғазин Арын Ғалымұлы М-11 тобында «MS Word редакторы туралы жалпы мәлімет, оның мүмкіндіктері, жұмыс аумағымен танысу» атты колледжішілік ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа қатысқан оқытушылар тәжірибе алмасып,  сабақ жоғарғы деңгейде өтті деп баға берді.

Физика

«Физика және астрономия» пәнінен ашық сабақ

2020 жылдың 17 ақпан күні «Құрылыс колледжі» КМҚК-да «физика және астрономия» пәні оқытушысы Такенова И.Т., «Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі. Айнымалы ток тізбегіндегі сыйымдылық кедергі. Айнымалы ток тізбегіндегі индуктивті  кедергі» тақырыбында С-11 тобымен ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары деңгейде өтіп, қатысқан оқытушылар тәжірибе алмасты.

Қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ

2019 жылдың 10 желтоқсаны күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ж.М.Қалиасқарова қазақ әдебиеті пәнінен «Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы «Көкшетау» поэмасы» тақырыбында С-21 тобымен ашық сабақ өткізді. Сабақ өз мақсатына жетіп, өте жоғары деңгейде өтті деп бағаланды. Сабаққа 17 оқытушы қатысып, тәжірибе алмасты.