«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.Осы мереке қарсаңында колледж ішілік «Ел рәміздері-еркіндік нысаны» атты іс-шара өткізілді.
ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған тақырыптық көрме кітапханада өткізілді. Жастар ұйымының ұйымдастыруымен қабырғалық газеттер шығарылды.
Жалындаған жастар Тәуелсіз Қазақ елінің мемлекеттік рәміздерін құрмет тұтып, бойларында жоғары азаматтық ұстаным және патриоттық сезім, Отансүйгіштік қасиеттері бар екенін С-12 топ студенттері тәрбие сағаттарында дәлелдей түсті.