2017 жылдың қараша айының 28 күні «Құрылыс колледжі» КМҚК педагогикалық кеңесте Елбасының: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы тыңдалып, талқыланды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында өткізілген шаралар туралы жəне де осы бағдарлама аясында 2017-2018 оқу жылында колледжде өткізілетін іс-шаралар жоспарымен колледж директорының оқу-тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.М.Ғалымова ұстаздар қауымына таныстырып өтті.
Əлеуметтік-гуманитарлық пəн бірлестігінің оқытушылары Елбасы мақаласына жан-жақты тоқталып, ұлы мақсатқа қол жеткізудің, яғни жаңғырудың басты 6 құрамдас бөлігін жік-жігімен түсіндірді. Олар: «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру”, «Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы, «Туған жер” бағдарламасы, «Қазақстанның қасиетті жерлері” жобасы және алтыншы, «Қазақстандағы 100 жаңа есім” жобасы. Сонымен қатар колледж кітапханашылары Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Кітап — рухани жаңғыру құралы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Қорыта айтқанда, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. «Тəрбие жəне білім» бағдарламасы шеңберінде колледжімізде жүргізілуге тиіс бірқатар іс — шаралар белгіленді. Ендігі міндет — осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.
Ең бастысы — бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.