Өрт – тілсіз жау. Оны алдын-ала болжап білу мүмкін емес.2018 жылдың сәуір айының 2 күні «Құрлыс колледжі» КМҚК акт залында «Өрт — тілсіз жау» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа Мемлекеттік Өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Насымхан Жанна Тұрсынханқызы келді. Жанна Тұрсынханқызы өрт болған жағдайдағы қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіріп, өрт болған жағдайда қандай тиісті іс- шаралар қолдану керек екенін толықтай мағлұматтар айтты. Сонымен қаттар өрт сөндіру құралын қолдану тәсілін үйретті.

Өрт… Бұл соңғы уақытта жиі естілетін қорқынышты сөз. Ал жанудың туындауы  —  бұл  өрт қауіпсіздігі ережелерін,  электр жабдықтары мен электр құрылғылырын  пайдалану негіздерін  сақтамау және отты абайсыз пайдаланудың  салдары.Соңынан колледж қызметкерлері мен студенттер өз сұрақтарын қойып, сұрақтарына толықтай жауап алды.