2017 жылдың қазан айының 19 жұлдызында С-12 тобының студенттері топ жетекшісі Рашида Жұмағалиқызымен бірге Семей қалалық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады.
Саяхаттың мақсаты — студенттерге мұражайдың таусылмас қазына екенін ұғындырып, ескіге естелік, жас ұрпаққа тәлім тəрбие ретінде Отанымыздың бай тарихи мұрасына көз жүгірту, тереңнен бойлап, тағылым алу, өткен мен болашақты жалғастырушысы екенін түсіндіру.
Мұражай қызметкері Семей жерінен шыққан ұлы тұлғалардың өмірбаяндары мен еңбектерімен таныстырды. Сонымен қатар тарихи құндылықтар және осы өлкеде мекендейтін ірі және ұсақ жабайы дала аңдары туралы мағлұмат берді.
Мұражайларға саяхат жасау жастарды танымдық құштарлыққа жұмылдырып, рухани өсіп-өркендеуіне, тарихи бейнелерді танып білуіне, шынайы мұралар негізінде білімдерін қалыптастыру жолында берері мол.
Бұндай саяхаттан студенттер өздеріне қажетті мол мағлұматтар алады деп сенімдеміз.