Қазан айының 26-шы жұлдызында КМҚК «Құрылыс колледжінде» жылдағы дәстүр бойынша колледж студенттерін студент қатарына қабылдау іс-шарасы салтанатты түрде өтті. «Болашақтың құрылысшылары» атты шараға барлық 1-курс студенттері қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, салтанатты түрде студенттер қатарына қосылып, студент билеттері табысталды. Сонымен қатар, шараға Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің «Серпін» үйлестіру орталығының жетекшісі Раиса Төлеуқызы мен «Жастар саясаты» ұйымының төрағасы Рымбек Бауыржанұлы бастаған бір топ студенттер келіп əн шашу мен құттықтау тілектерін білдірді. Шара соңында барлық 178 бір курс студенттері сапқа тұрып ант қабылдап, колледж әнұранын айтып, би кешімен жалғасын тапты. Шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізгені үшін Жалпы білім беру бірлестігіне үлкен алғысымызды білдіреміз. Саналы да, сапалы студенттеріміз көп болсын!