2018 жылдың ақпанның 23 күні құрылыс колледжінің кітапханасында жатақхана тәрбиешісі Касимова Т.А. мен кітапханашы Молдабекова Б.Т ұйымдастыруымен жатақхана студенттеріне ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізгі міндеттерін жан-жақты талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізді.
Жатақхана студенттері Елбасы Жолдауындағы негізгі 10 міндеттерге қатысты сөз қозғап, ойларымен бөлісті.
Бұл жолы мемлекет басшысы Үкіметке басты 10 міндет бойынша жұмыс істеуді тапсырды. Соның бірі — құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу. Осы жүргізіліп жатқан бағдарламалардың арқасында Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асты.
Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында ғимараттардың сапасына, экологиялық қауіпсіздігіне және энергия тиімділігіне қойылатын талаптарды күшейту қажеттілігін атап өтті.
Елбасының бүгінгі Жолдауы елдің бірлігін, елдің болашағын, қазақ елінің Мәңгілік болуына жол көрсететін ұлы мақсат болмақ.
Сөйтіп, құрылыс колледжінің студенттері Елбасының Жолдауын бірауыздан қолдайтындарын білдірді.