Педагогикалық ұжыммен жаңа аттестаттау ережелері мен шарттарын бекіту туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2024 жылғы 6 наурызда «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Б.Тортбаева педагогикалық ұжыммен 2024-2025 оқу жылының жаңа аттестаттау ережелері мен шарттарын бекіту туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында педагогтерге аттестаттаудың негізгі талаптары, өтпелі кезеңнің ерекшеліктері және педагогтың жұмысын бағалау критерийлері түсіндірілді. Барлығы 30 педагог қатысты.

«Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2024 жылы наурыз айының 5-сі күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-да жасөспірім жастардың қылмысы және оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін және жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсінік беру, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Самаева…