2018 жылдың наурыз айының 16 күні құрылыс колледжінің «Жас Отан» жастар қанаты Аягөзде зардап шеккендерге жәрдемдесу мақсатында алғашқы қажеттілік заттары мен жылы киім-кешектермен көмек көрсетті жəне де колледж ұжымы бір күндік еңбекақыларын «Аягөз Болашақ» қоғамдық қорына аударды.

Асар – бірліктің бір көрінісі. Бабаларымыз «Бірлік болмай – тірлік болмас», «Бірлік түбі – береке», «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлікті ел озады» деп ұрпағын ұлағаттыққа тәрбиелеп отырған.

Ата салтымыз адамдарды ынтымақ пен бірлікке, ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеп, еңбекке баулыған. Бірлесе отырып, бір — біріне қол ұшын созған.

Ата-бабамыздың әдет — ғұрпы, салт — дәстүрі ұлттық құндылықтарымызға жатады, оны жаңғырту – сіз бен біздің борышымыз!

 

16 марта 2018 г. коллектив колледжа строительства перечислил однодневную заработную плату общественному фонду «Аягөз Болашақ» для поддержки пострадавших от наводнения в г. Аягоз, также молодежное крыло «Жас Отан» колледжа строительства в целях поддержки пострадавших от наводнения в г. Аягоз собрали в помощь в виде одежды, обуви и передали в Семейский городской филиал партии «Нур Отан» и Молодежного крыла «Жас Отан» в штаб по оказанию благотворительной помощи аягозцам, попавшим в трудную жизненную ситуацию в результате раннего весеннего паводка.