«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы

2024 жылы желтоқсан айының 9-ы күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК тәрбиешілері Н.С. Мейримова және А.С.  Шыныбаева колледж психологы А. Алтайқызымен бірлесе отырып республикалық «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында №2 жатақхана студенттеріне «Зорлық-зомбылықсыз әлем» тақырыбында әңгімелесу жүргізді.

«Желтоқсан – Тәуелсіздік рухы» тәрбие сағаты

«Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК тәрбиешілері Н.С. Мейримова және А.С. Шыныбаева «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай жатақхана студенттеріне «Желтоқсан – Тәуелсіздік рухы» атты тәрбие сағатын өткізді.

Білім беру ұйымының жатақханасына орналасу үшін көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері

«Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК білім беру ұйымының жатақханасына орналасу үшін көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері.

Профилактикалық әңгімелесу

Жатақхана тәрбиешілері А.Б. Муратханова мен Ж.А. Улыбаева және колледж медбикелері Г.С. Байтанауова мен А.Д. Мурзахметова жатақханада тұратын студенттерге «СПИД – қасірет қақпаны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

«Тапқыр болсаң, озып көр!» интеллектуалдық ойыны

2024 жылы қараша айының 22-сі күні жатақхана тәрбиешілері А.Б. Муратханова мен Ж.А. Улыбаева жатақханада студенттеріне «Тапқыр болсаң озып көр!» атты интеллектуалдық ойын өткізді. Ойын барысында студенттер «Алғыр» және «Қыран» атты екі топқа бөлініп, түрлі сұрақтарға жауап беріп, әртүрлі ойындар ойнады. Қатысушы студенттерге тәрбиешілер тарапынан сыйлықтар берілді.

Тәрбие сағаты

«Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» ҚМҚК тәрбиешілері Н.С. Мейримова мен А.С. Шыныбаева жатақхана студенттеріне Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына орай «Әңгіменің хас шебері» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағаты

«Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» ҚМҚК тәрбиешілері Н.С. Мейримова мен А.С. Шыныбаева жатақхана студенттеріне «Жасөспірім және қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Дөңгелек үстел

2024 жылы қараша айының 17-сі күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» ҚМҚК тәрбиешілері А.Е. Капашева мен А.С. Садыкова жатақхана студенттеріне «Адалдық және әділдік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.