ҚР Оқу-ағарту министрінің алғыс хаты

“Тастекеев Қайрат Құлбайұлы «WorldSkills Kazakhstan 2022» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатын өткізуге қолдау көрсетіп, WorldSkills Kazakhstan қозғалысының дамуына зор үлес қосканыңыз үшін алғыс білдіремін. Сіздің қолдауыңызбен еліміздің жас мамандары толағай жетістіктерге жете береді деген сенімдемін” – деп ҚР Оқу-ағарту министрі А.Қ. Аймағамбетов алғыс хатымен марапаттады.

Абай облыс әкімінің колледжіміздің студенттерімен кездесуі

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттермен кездесіп, VII Республикалық «WorldSkills Kazakhstan 2022» жеңіске жеткен жеңімпаздарға сертификаттар табыстады.   Посмотреть эту публикацию в Instagram   Публикация от Колледж строительства (@qurylyskoleji)

«WorldSkills Kazakhstan 2022» VII Республикалық чемпионаты

«WorldSkills Kazakhstan 2022» Республикалық 7 кәсіби шеберлік чемпионатында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов өз пікірімен бөлісті. https://semstroy.edu.kz/wp-content/uploads/2022/12/Video-1.mp4

WorldSkills республикалық чемпионатының екінші күні

Ағымдағы жылдың 7-9 желтоксан аралығында WorldSkills республикалық чемпионатының басталды. Бүгін, екінші күн. Қатысушылар тапсырмаларын алып, орындауға кірісті. WorldSkills кәсіби мамандар – стартта! Чемпионаттың барлық қатысушыларына сәттілік, өзіміздің қатысушыларға жеңіс тілейміз!

WorldSkills Kazakhstan 2022 Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «Talap» KEAҚ ағымдары жылдың 4-12 желтоқсан аралығында Астана қаласында WorldSkills Kazakhstan 2022 Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатын өткізеді. Аталған чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен 30 негізгі құзырет бойынша 500-ден астам колледж студенттері мен жұмысшы жастар қатысады. Конкурсқа қатысушыларды 500-ге жуық сараптамалық қоғамдастық пен бизнес өкілдері бағалайды. Чемпионатқа Абай облысының командасы 32 құзырет…

«WorldSkills» құралдарын әзірлеу және пайдалану бойынша семинар

Облыстық әдістемелік бірлестіктің жоспарына сәйкес директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының жетекшісі А.С. Нургожанованың бастамасымен «WorldSkills» құралдарын әзірлеу және пайдалану бойынша семинар өтті. Семинарда ТжКБ ұйымдарының «WorldSkills» құралдарын енгізу перспективалары талқыланды. «WorldSkills» өңірлік және республикалық чемпионаттарын ұйымдастыруды және өткізуді жетілдіруге баса назар аударылды. Демонстрациялық емтиханды тиімді ұйымдастыру – әдістемелік дайындау және өткізу бойынша шешім шығарылды.

Облыстық «Спектр» газетіндегі мақала

Облыстық «Спектр» газетінің 2022 жылғы 07 желтоқсандағы №43 санында «Білім» айдарымен «Поборемся за лучшее» мақаласында «WorldSkills» халықаралық чемпионатын өткізудің нәтижелері мен болашағы туралы жарияланды.

«WorldSkills Competition 2022 Special Edition»

Колледж ұжымы мен студенттері «WorldSkills Kazakhstan 2021» республикалық чемпионатының жеңімпазы – Сарсембаев Диасты «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Competition 2022 Special Edition» халықаралық чемпионатына кірпіш қалау бойынша бас сарапшы – Мекишев Асқар Нәбиұлымен бірге салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастырды. Диасқа халықаралық чемпионатта сәттілік пен жеңіс тілейміз!