2018 жылдың 8 ақпан күні колледждің конференц залында топ жетекшілер отырысы өткізілді. Тақырыбы: «Тәрбие жұмысының кешенді бағыттары» атты семинар – тренинг. Семинар – тренингте топ жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Уакаева Н.А «Тәрбие процесі, тәрбие жұмысының кешенді бағыттары» атты баянда оқып, көптеген мәліметтерімен бөлісті. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым – қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру құралы болып табылады.
Семинар – тренингтің екінші бөлімі колледж педагог–психологы Кожахметова Б.Б. қызықты тренингімен жалғасты. Психологиялық тренингке топ жетекшілер белсене қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Ситуациялық жағдаяттарды образдап бейнелеу арқылы сомдап берді. Семинар – тренингтің соңында әр оқытушы бір-біріне жылы лебіздерін айтып, алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта тек сәттілік тіледі.