Біздің колледждің Құзыреттілік орталығында кездесу өтті

2022 жылғы 11 тамызда «Құрылыс колледжі» КМҚК құзыреттілік орталығында «Жас маман» жобасын іске асыру бойынша сатып алынған жабдықтармен танысу мақсатында Семей қаласының Шпайхинген (Германия) делегациялар алмасу бойынша орыс тілді тұрғындармен байланыс жөніндегі бургомистрдің кеңесшісі М.Т. Даутовпен кездесу өтті және одан әрі өзара тиімді ынтымақтастық үшін халықаралық меморандумға қол қойылды.

Салтанатты іс-шара

08.08.2022 күні Алматы облысы Наурызбай ауданының ардагерлер кеңесі бастаған өнерпаз ардагерлер қаламызға арнайы Абай облысының құрылуына мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өткізді. Қарттарым қазынам деп, біздің колледжде концерттік бағдарламаны көріп, көз айым болып қайтты.

Түлек – 2022

2022 жылдың маусым айының 29-ы күні түлектерге диплом табыстау салтанатты іс-шарасы өтті. Түлектер үшін бұл күн ізденіс пен талаптанудың қорытындысы, жаңа белеске қадам басудың белгісі. Колледж әкімшілігі түлектерге ақ жол тілеп құттықтай отыра, белсенді студенттер мен ата-аналарды алғыс хатпен марапаттады.   Посмотреть эту публикацию в Instagram   Публикация от Колледж строительства (@semey_kurylys_collegi)

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы

23 маусым күні адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық туры өтті. «Мерейлі отбасы» конкурсына құрылыс колледжінің информатика пәнінің оқытушысы Тоқтағазин Ұлан Бауыржанұлы отбасымен қатысты. Отбасы мүшелеріне конкурсқа белсене қатысқаны үшін алғыс хат беріліп, ақшалай сый-сияпатпен марапатталды.

«WorldSkills Shygys – 2022» аймақтық чемпионатының ашылуы

6 маусым күні «Құрылыс колледжі» КМҚК-да «WorldSkills Shygys – 2022» аймақтық чемпионатының ашылу салтанатты өтті. Чемпионатқа келесі құзыреттіліктер бойынша 17 команда қатысуда: – «Кірпіш қалау» – «Сырлау және сәндік жұмыстар» – «Слесарлық іс» – «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» – «Сантехника және жылыту» – «Ағаш ұстасы» Чемпионатқа қатысушыларға жемісті еңбек, кәсіби құзыреттіліктерін табысты көрсетуді тілейміз!